«38» көркем фильмінің түсірілімі аяқталды

Патриот жаршысы
52

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Абай облысында «38» көркем фильмінің түсірілімі аяқталды. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен, өткен жылғы питчинг жеңімпазы ретінде жүзеге асты.

Бұл туынды - қазақ кино тарихындағы орманшыларға арналған тұңғыш фильм. Картина табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және орманшылардың еңбегін көрсетуге бағытталған.

Түсірілім Абай облысының әсем табиғатында өтті. Қоюшы режиссер Төребек Бейсебаев өрт сөндіру техникасымен жұмыс істеу шығармашылық топ үшін ең күрделі кезең болғанын айтты.

Сценарий авторлары - Нұржігіт Хайдаров пен Мақсат Жұмаханов, қоюшы оператор - Асылхан Медәлбеков, қоюшы суретші - Олжас Әлменов, продюсер - Нұржігіт Хайдаров. Фильмде Алмат Сақатов, Асан Мәжит, Алтынай Нөгербек сынды белгілі актерлер ойнады.

Редакция
Patriot Portaly