Таеквондошыларымыз – Универсиаданың қола жүлдегері!
Патриот жаршысы
106

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада ойындарында Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы қола медаль иеленіп, ел мерейін асқақтатты.
Халықаралық жарыста Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері Бейбарыс Қабылан мен Айдана Сүндетбай, сондай-ақ Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері Самирхон Абабакиров пен Назым Махмудова ел намысын абыроймен қорғады.
Жарысты сәтті аяқтаған спортшылар тек жеке емес, командалық рухтың да биік үлгісін көрсетті. Жалпы Универсиадада қазақстандық спортшы-студенттердің еншісінде 1 алтын және 10 қола медаль бар.