Астанада пара теннистен ірі халықаралық турнир өтеді

Патриот жаршысы
42

Астана қаласының әкімдігі

30 шілде мен 3 тамыз аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ITTF World Para Challenger Astana 2025 халықаралық турнирі өтеді. Бұл - әлемдік пара үстел теннисі рейтингіндегі екінші деңгейлі маңызды жарыс.

Турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындары мен әлем чемпионатына іріктеу саналады. Жарысқа 15-тен астам елден 138 спортшы қатысады. Олар жеке және жұптық санаттарда бақ сынайды. Қатысушы елдер қатарында:
🇰🇿 Қазақстан, 🇲🇾 Малайзия, 🇮🇳 Үндістан, 🇫🇷 Франция, 🇭🇰 Гонконг, 🇧🇪 Бельгия, 🇯🇵 Жапония, 🇰🇷 Оңтүстік Корея, 🇵🇱 Польша, 🇩🇪 Германия, 🇧🇬 Болгария, 🇬🇧 Ұлыбритания, 🇹🇷 Түркия және бейтарап спортшылар (AIN) бар.

Қазақстан атынан ел намысын 9 спортшы қорғайды. Олардың қатарында:
Сауле Айдарханова, Гүлмира Қайдасова, Алтынай Ержанқызы, Александра Степанова, Балзия Таш, Жанна Алиева, Ринат Гильфанов, Станислав Сигарев және Антонина Рогова бар.

Айта кетейік, Қазақстан 2024 жылы алғаш рет ITTF Fa20 Astana Para Open 2024 турнирін сәтті өткізген болатын.

Бұл дода - елорданың параспортты дамытудағы маңызды қадамы.

Малика Рүстем
тілші