VIRTUS жеңісі – жасыл бастамамен жалғасты

Астана қаласының әкімдігі
Астанада интеллектуалды даму ерекшелігі бар спортшылар арасында өткен VIRTUS World Basketball Championship 2025 халықаралық жарысының қорытындысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясымен түйінделді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Чемпионатқа қатысқан 11 елдің спортшылары Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының маңына ағаш отырғызды. Оған халықаралық делегациялар, еріктілер мен ұйымдастырушылар да белсене қатысып, қоршаған ортаға деген қамқорлықты, елдер арасындағы ынтымақ пен достықты паш етті.
Айта кетейік, VIRTUS 2025 – Азияда алғаш рет өткен, ерекше спортшыларға арналған осындай ауқымды баскетбол чемпионаты. Оған Қазақстан, Польша, Аустралия, Италия, Испания, Жапония, АҚШ, Франция, Венесуэла және Португалиядан келген 180-ге жуық спортшы қатысты.