ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ

Патриот жаршысы
39

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан

Еріктілер астаналықтарды патриоттық акция арқылы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Астанадағы Есіл жағалауында еріктілер Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай арнайы акция өткізді. Іс-шараны «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілер елорда тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің Мемлекеттік Туы бейнеленген жалауларды таратты. Олардың құттықтаулары мен символикалық сыйлықтары халықты еркіндік, бірлік, мақтаныш идеялары бар мерекенің маңыздылығын еске салды.

«Бүгін мереке қарсаңында біз, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері, елорда тұрғындары мен қонақтарына жалаулар таратамыз, осы айтулы күнмен құттықтаймыз және Қазақстан Тәуелсіздігінің маңыздылығын кезекті рет еске саламыз», – дейді ерікті Айдан Байғандыев.

Қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған шара тек жалау тарату шарасы ғана емес, халықты патриоттық идея төңірегінде басын біріктірген нағыз мерекеге айналды. Өтіп бара жатқандар қуана қатысып, жылы лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Мұндай шаралар бір-бірімізге жақындата түседі және бейбітшілік пен тәуелсіздікті бағалаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады», - деді өз әсерімен бөлісті астаналық Алмагүл Қасенова.

Дариға Нысанқұл