Қазақстандық семсерлесушілердің Сен-Мордағы нәтижесі

ҰОК
Францияның Сен-Мор қаласында ерлер арасында семсер түрінен Әлем кубогының кезеңі өтті. Аталған додада Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады, алайда жекелеген спортшылар елеулі нәтиже көрсетті.
Жекелей сында ең үздік көрсеткішке Руслан Курбанов қол жеткізді. Ол турнирді 17-орынмен аяқтады. Өзге қазақстандық спортшылардың нәтижелері келесідей: Кирилл Павлов – 32-орын, Эльмир Әлімжанов – 51-орын, Ерлік Сертай – 98-орын, Кирилл Проходов – 81-орын, Никита Жулинский – 119-орын, Вадим Шарлаимов – 175-орын, Богдан Лукин – 209-орын, Александр Федотов – 218-орын.
Командалық сайыста Қазақстан құрамасы 13-орынды иеленді. Жүлде алған жоқпыз, дегенмен халықаралық деңгейдегі осындай бәсекелер — отандық спортшылардың тәжірибе жинап, келесі жарыстарға тың дайындықпен келуіне үлкен мүмкіндік.