Астанада LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады
Фото: gov.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында LRT-ның көрсеткіші жайлы жазды, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жетті. Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.
LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін. Сол сияқты LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталды. Жобаның жүзеге асуы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.