Халықаралық симпозиум: Түркі әлемінің бүгіні мен ертеңі

Патриот жаршысы
126

Әзірбайжан астанасының Баку қаласындағы Еуразия университеті Түрік Нийде Омер Халисдемир университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірлесіп ұйымдастырған Түркі әлемін зерттеу бойынша XI халықаралық симпозиум өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты – тіл, әдебиет, тарих, философия, ғылым, білім, мәдениет, экономика және халықаралық қатынастар сияқты салалардағы өзекті мәселелерді талқылау үшін түркі әлемінің ғалымдары мен зиялыларын біріктіру.

Іс-шараның ашылу салтанатында Баку Еуразия университетінің ректоры, профессор Назим Гусейнли қатысушыларды құттықтап, симпозиумның басты тақырыбы –  «Түркі әлемінің және Түркітілдес мемлекеттер ұйымының 2040 жылға арналған мақсаттары»  туралы талқылауда табыс тіледі.

QyzPU Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Джумакулов бұл симпозиум ағайындас елдердің мәдени-рухани жақындасуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Симпозиум аясында ұйымдастырылған «Түбі бір түркіміз» дәстүрлі фестивалі түркі мемлекеттері арасындағы достық пен қарым-қатынасты нығайтуға және жастарды түркі мұрасы рухында тәрбиелеуге ықпал етеді. Біздің зерттеулеріміз түркі әлемінің болашақ ұрпақтары үшін маңызды мұра қалдыратынына сенімдіміз»,– деді проректор. 

Симпозиумда ғылыми зерттеулердің жаңа тақырыптары қарастырылып, қатысушылар бірлескен жобалар негізінде идеяларымен бөлісіп, өзіндік жоспарларымен алмасты. 

Шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері симпозиум түркі халықтары арасындағыжаңа тәсілдер, бірлескен зерттеулер мен ынтымақтастықтың артуы үшін ынталандыру әрекеті болатынына сенім білдірді.

Біржан Қабдрашев
Тілші