Астанада – «Отбасы Time» мерекесі

Астана қаласының әкімдігі
Елордадағы жаз маусымы отбасылық құндылықтарды дәріптейтін және ашық алаңдағы демалысты жандандыратын мәдени іс-шараларға толы. Соның бірі - 1 маусымнан бері әр демалыс сайын өтіп жатқан «Отбасы Time» жазғы фестивалі.
Фестиваль кезекпен үш орында ұйымдастырылуда: Қалалық алаң, «Жетісу» саябағы және «Жерұйық» саябағы. Бағдарлама отбасылық демалыс, шығармашылық және мәдениетті үйлестірген мазмұнды іс-шаралардан тұрады.
Келушілер үшін:
-
балалар мен отбасылық ұжымдардың концерттері;
-
тақырыптық шеберлік сабақтары;
-
аниматорлар мен интерактивті аймақтар;
-
дамыту ойындары, викториналар, байқаулар;
-
этномәдени шоулар, би флешмобтары;
-
ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылымдар мен тосынсыйлар ұсынылады.
Фестиваль – қала тұрғындары мен қонақтарына арналған тегін мәдени демалыс алаңы. Ол отбасылық дәстүрді нығайтуға, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға және мәдени бастамаларды насихаттауға бағытталған.
Айта кетейік, 9-10 тамыз күндері сағат 15:00-де «Жерұйық» саябағында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған арнайы ойын-сауық бағдарламалары өтеді.