«Қазақ аруы – 2025» жеңімпазы анықталды
Фото: qazaq_aruy_official алынды
Қазақстандағы ұлттық болмыс пен заманауи мәдениетті тоғыстырған беделді жоба — «Қазақ аруы – 2025» өз мәресіне жетті. Биылғы байқау қалың көрерменнің айрықша қызығушылығына ие болды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Талдықорғандық Дәрия Қуатжан ең көп дауыс жинап, жобаның бас жүлдесін иеленді.
Көрермен дауысының нәтижесі:
1. Дәрия Қуатжан — 26 376 дауыс
2. Диана Қырым — 13 160 дауыс
3. Дариға Рахым — 11 045 дауыс
4. Данира Айдынқызы — 8 288 дауыс
5. Алтынай Базылжан — 5 017 дауыс
6. Ақшуақ Бауыржанқызы — 4 462 дауыс
7. Ұлдана Ботабек — 3 706 дауыс
8. Айша Тасқан — 3 551 дауыс
9. Айкерім Нұрғалиева — 3 109 дауыс
10. Қызғалдақ Әуесханқызы — 2 311 дауыс
«Қазақ Аруы» — тек сұлулықты анықтайтын байқау емес. Бұл — ұлттық құндылықтарды, қазақ қызының парасатты болмысын және рухани тәрбиені дәріптейтін мәдени байқау,
2011 жылдан бері аталған жоба нәзіктіктің, интеллекттің және ұлттың көркем болмысының символына айналды. «Қазақ Аруы» жас буынға бағыт-бағдар беріп, жастар арасында тілді, дәстүрді, патриоттық рухты нығайтуға үлес қосып келеді.
Байқаудың негізін қалаушы — Баян Алагузова. Оның бастамасы арқылы бұл жоба Қазақстанның мәдени брендіне айналып, ұлттық құндылықтарды жаңа форматта танытатын жоба ретінде қалыптасты. Ұйымдастырушы идеяны ұлттық символға айналдырып, «Қазақ аруын» ел көлемінде ерекше беделге жеткізді.
Дәрия Қуатжан биылғы байқауда өзін табанды, көркем мінезді, білімді және ұлттық мәдениетке адал ару ретінде көрсетті.
Жеңімпаздың образында бүгінгі қазақ аруының ең маңызды қасиеттері үйлескен:
– рух,
– ұяңдық пен сыпайылық,
– зерделілік,
– ұлттық мұраға құрмет.
«Қазақ Аруы – 2025» байқауы биыл да өз миссиясын орындады:
қазақ қыздарының сұлулығын ғана емес, рухани биігін, парасатын, ұлттық тәрбиеден бастау алатын болмысын танытты.
Бұл жоба — қазақ қоғамының рухани жаңғыруына үлес қосатын, ұлт мәдениетін дәріптейтін, жастарды елге қызмет етуге шабыттандыратын маңызды алаң.
2025 жылдың жеңімпазы Дәрия Қуатжанның жеңісі — қазақ қызының мәртебесі биіктеп, ұлттық құндылықтардың жаңаша тыныс алғанының көрінісі.