Астаналық шахматшы қыз қола жүлдегер атанды
Патриот жаршысы
4

Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейінің 1-сынып оқушысы Амира Алеманова Ашхабадта өткен Халықаралық балалар шахмат турнирінде қола жүлдеге ие болды.
Жарысқа әлемнің әр түкпірінен 128 жас шахматшы қатысқан. Амира 8 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид санатында үздік өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарына енді.
Жарыс кезінде ұлттық киімімен сахнаға шыққан жас спортшы Қазақстанның көк туын желбіретіп, көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Амираның бұл жетістігі – ел намысын қорғаудағы үлкен мақтаныш.