Ұлт құндылығы ұлықталуда

Патриот жаршысы
171

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігімен меморандум жасасты. Бұл серіктестік ардагерлер ұйымдарының белсенді қатысуымен жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған.

Меморандум шеңберінде әр тарап ономастика мәселелерін шешуде, соның ішінде көшелерге тарихи тұлғаларды да, жалпыұлттық құндылықтарды да көрсететін есімдер беруде ынтымақтастық туралы уағдаласты. Сондай-ақ, еліміздің маңызды мәдени және тарихи аспектілерін бейнелейтін ескерткіштерді орнату жоспарлануда.

Меморандумда «Жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі бірлескен жоспарға» қол қойылды. Бұл жоспар жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, ұлттық бірлікті нығайтуға, нашақорлық пен лудоманияның алдын алуға, этностар мен діни топтар арасындағы қарым-қатынасты дамытуға, аға буынға құрметпен қарауға және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды бағытталған.

Бұл ынтымақтастық мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың III отырысында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған.

 

Біржан Қабдрашев
Тілші