Төрт құрлықтың жаңа чемпионы

Патриот жаршысы
19

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Мәнерлеп сырғанаудан Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

 Отандасымыз қоссайыста карьерасындағы ең көп ұпай - 285.10-ды жинады.

1 орын - Михаил Шайдоров - 285.10 ұпай.

2 орын - Ча Жун Хван (Харбиндегі қысқы Азия ойындарының чемпионы) - 265.02 ұпай.

33 орын - Джимми Ма - 245.01 ұпай.

Бұл жеңіс Қазақстан мәнерлеп сырғанауы үшін тарихи оқиға. Дәл осыдан 10 жыл бұрын дәл осы Сеулде Денис Тен Төрт құрлық чемпионатында топ жарып, қазақ спортында ерекше белес орнатқан еді. Енді Михаил Шайдоров оның жетістігін қайталап, еліміздің мәнерлеп сырғанаудағы даңқты дәстүрін жалғастырып отыр.

20 жастағы спортшы бұл жеңіске ерекше сенімділікпен жетті. Ол негізгі бағдарламасында қазіргі мәнерлеп сырғанауда сирек кездесетін аса күрделі үш аксель + төрт сальхов секірісін орындады. Бұл элемент қазіргі таңда басқа спортшылардың бағдарламасында жоқ.

Шайдоров жақында Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алып, енді Сеулде Азиаданың чемпионы Ча Джун Хван мен АҚШ өкілі Джимми Маны басып озды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров осыған дейін Денис Тен мемориалында алтын медаль алған болатын. Ол бірінші орын алып қана қоймай, сондай-ақ қысқа бағдарламада 95,50 ұпай жинап, жеке рекордқа қол жеткізді.

Аружан Тоқсан
Тілші