Нью-Йоркті бағындырған жас таланттар

Патриот жаршысы
143

Фото: Рустем Кожыбаев

Нью-Йорк қаласында өткен математикалық олимпиадада Отандық оқушылар 29 медальды қанжылады.

Еліміздің атынан барған оқушылар Нью-Йоркте өткен "Коперник" халықаралық математикалық олимпиадасында тамаша нәтижелер көрсетті. Колумбия университеті өткізген жарыстарға 50-ден астам елдің өкілдері қатысты.

Қазақстан командасы барлығы 29 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 11 күміс және 16 қола. Қатысушылар арасында күміс жүлдегер атанған Тараз қаласының №53 мектебінің 4 сынып оқушысы Қалабай Абылай ерекше көзге түсті. Абылай Олимпиаданы ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, өз елін дәріптеуге ұмтылып, халықаралық жарыстарға қатысуды жалғастыруға ниет білдірді.

Абылайдың анасы Жансая Рахманқұлова бұл ұлының АҚШ-қа алғашқы сапары екенін айтты. Абылай шахмат, астрономия және робототехникаға қызығушылық танытады, бірақ бала кезінен оның математикаға деген құштарлығы ерекше. Ол ұлының жетістіктерімен және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесімен мақтанады.

Басқа табысты қатысушылардың қатарында Тараздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Асқар Әлмақұм да күміс жүлдегер атанды.

АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелері оқушыларға қолдау көрсеткен педагогтар мен ата-аналарға алғыстарын білдірді.

Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас Консулдығының Facebook парақшасында: "Қымбатты студенттер, ғылымның қызық әлемін танып-білуде алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!",- деген ізгі ниет те бар.

Атақты астроном және математик Николай Коперниктің атымен аталған математикалық олимпиада оқушылардың математика саласындағы қызығушылығы мен біліктілігін арттыруға бағытталған. Олимпиада математикалық теорияның тереңдігін зерттеуге, күрделі мәселелерді шешуге және шығармашылықпен ойлауға шақырады.

Біржан Қабдрашев
Тілші