Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Бурабайда өтеді

Патриот жаршысы
34

PATRIOT PORTALY

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы Бурабайда өтетінін мәлімдеді.Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алғашқы форумында сөйлеген сөзінде реформалардың жалғасатынын атап өтті.

“Біз әр өзгерісті мұқият ойластырып, қазіргі жағдайға сай жүзеге асыруымыз керек. Бұрынғы жоспарларды бүгінгі күн талабына бейімдеп, түзету қажет. Мен реформалардың тоқтамайтынын бұған дейін де айттым. Өйткені елімізді жан-жақты жаңғырту ісі үздіксіз жалғасуы тиіс. Келесі жылы жаңа бастамалар мен жоспарларды ұсынатын боламын. Кейбірін дәстүрлі түрде Ұлттық құрылтайда жариялаймын. Оның кезекті отырысы Бурабайда өтеді. Қалғанын Жолдауда айтамын”, – деді Президент.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтай – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Бұған дейін оның үш отырысы ұйымдастырылды:

•І құрылтай – 2023 жылы 3 мамырда Ұлытау облысында өтті.

•ІІ құрылтай – 2023 жылы 17 маусымда Түркістанда өтті.

•ІІІ құрылтай – 2024 жылы 15 наурызда Атырауда өтті.

Кезекті құрылтайдың нақты мерзімі мен күн тәртібі кейінірек жарияланады.

Аружан Тоқсан
Тілші