Болашақ офицерлерге қатаң іріктеу

Патриот жаршысы
120

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында болашақ офицерлерді іріктеу науқаны басталды. Бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы кешенді психологиялық тестілеу мен толық медициналық тексеру жүргізеді.

Институт мамандары талапкерлердің тек дене дайындығына ғана емес, моральдық-еріктік қасиеттеріне де баса назар аударады. Институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Даньяр Құдайбергенов бұл қадамның армияның сапалы болашағын қалыптастыру үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, медициналық тексеру - тек ең мықты әрі физикалық тұрғыдан сау үміткерлердің іріктелуін қамтамасыз ететін негізгі «сүзгі».

Психологиялық тестілеу комиссиясының мүшесі, капитан Нұржанат Маханова қазіргі офицердің стресстік жағдайларда тез шешім қабылдай білуі және командамен жұмыс істей алуы қажет екенін айтты. Тесттер мен сұхбаттар үміткердің әскери қызметке қаншалықты дайын екенін және ұжымда сенімді буын бола алатынын анықтайды.

Бірінші кезең нәтижесінде талапкерлердің көпшілігі жоғары көрсеткіш көрсетті. Мамандар бұл жастардың салауатты өмір салтына бейілдігінің және спортқа қызығушылығының артқанын айғақтайды.

Редакция
Patriot Portaly