Ұлттық ұлан спортшылары әлем чемпионатында

ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Грузияда өткен семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық ұланының әскери қызметшілері тарихи жеңіске қол жеткізді. Шпагамен командалық жарыста қазақстандықтар үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде бірнеше дүркін әлем чемпионы Франция құрамасын 45:31 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, қола медаль иеленді.
Бұл - шпагамен семсерлесуден командалық есептегі Қазақстан тарихындағы алғашқы әлемдік жүлде.
Турнир барысында отандық спортшылар Ресей, Қытай және Италия командаларын да тізе бүктіріп, кәсіби шеберлік пен жоғары төзімділіктің үлгісін көрсетті. Жартылай финалда Жапониямен болған кездесуде басым ұпаймен алда келе жатқанымен, соңғы сәтте жеңісті қолдан беріп қойғаны Азия чемпионатының финалындағы жағдайды еске түсірді.
Тарихи жеңіс иелері - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері:
-
Лейтенант Эльмир Әлімжанов – спорт жөніндегі аға нұсқаушы
-
Ефрейтор Руслан Курбанов – спорт жөніндегі аға нұсқаушы
-
Ефрейтор Вадим Шарлаимов – дене дайындығы және спорт жөніндегі аға маман
-
Кирилл Проходов
Бұл жеңіс - тек спорттағы табыс емес, сонымен қатар Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары физикалық және жауынгерлік дайындық деңгейінің айқын дәлелі. Олар Қазақстанның абыройын тек ел ішінде ғана емес, халықаралық ареналарда да биікке көтеріп келеді.