Самоделкинаның күміс жарқылы

Патриот жаршысы
32

Астана қаласының әкімдігі

АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан «Cranberry Cup International 2025» Челленджер сериясында елордалық спортшы Софья Самоделкина Қазақстан тарихында тұңғыш рет осы турнирдің жүлдегері атанды.

7-10 тамыз күндері өткен бәсекеде ол қысқа және еркін бағдарлама нәтижесінде 203,15 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Самоделкина тек америкалық Изабо Левитоға (207,61) жол берсе, қола жүлде оңтүстіккореялық Джиа Шинге (179,97) бұйырды.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жолдамасын еншілеген спортшы жаңа маусымға тың дайындықпен келіп, екі бағдарламада да жеке рекордын жаңартты.

Айта кетейік, 2021 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Cranberry Cup» турниріне биыл 20 елден 99 спортшы қатысты. Самоделкинаның жүлдесі – Қазақстан үшін осы доданың тарихындағы алғашқы медаль.

Редакция
Patriot Portaly