Азияны бағындырған астаналық гимнастшылар елге оралды

Патриот жаршысы
91

Астана қаласының әкімдігі

Бүгін Астана қаласына Сингапурда өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатында ел намысын қорғап, жеңіспен оралған спортшылар келді. Чемпиондарды «Астана Нұрлы жол» теміржол вокзалында ата-аналар, жанкүйерлер, БАҚ өкілдері және №1 Балалар-жасөспірімдер мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Қуат Тілегенов салтанатты түрде қарсы алды.

Жарыс нәтижесі бойынша елордалық спортшылар жалпы саны 11 медаль жеңіп алды: 5 алтын, 4 күміс және 2 қола. Азия чемпионы Айбота Ертайқызы жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті:

«Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарымыз – Қытай, Жапония, Өзбекстан секілді елдерден келген мықты спортшылар болды. Дегенмен біз жаттығуларды қатесіз орындауға бар күшімізді салдық. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз», – деді ол.

Айта кетейік, байрақты бәсекеде 19 елден 100-ден астам спортшы бақ сынаған. Осындай халықаралық деңгейде топ жарған астаналық гимнастшылар ел мерейін үстем етті.

Малика Рүстем
тілші