ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Патриот жаршысы
33

Шымкент денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентханада үшем дүниеге келді.

Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жамиля 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. 

Шымкенттік батыр ананың бұл тұңғыш сәбилері. Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды.  Биылғы алғашқы үшем мен анасын дәрігерлер бүгін перзентханадан салтанатты түрде шығарып салды. 

Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте 28 936 сәби дүниеге келген – 14 837 ұл бала және 14 099 қыз бала.

Дариға Нысанқұл