Анимацияда Алтын адам

Патриот жаршысы
70

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

2025 жылдың 5 маусымынан бастап көрермен назарына «Алтын адам» атты анимациялық туынды ұсынылады. Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен жарыққа шыққан. Анимациялық жобаны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы әзірледі.

Фильмде Хан Тәңірінің биік шыңына сапар шеккен сақ жауынгерінің өмір отын іздеу жолы баяндалады. Тек сыртқы салтанаты емес, ішкі рухы да алтын болуы тиіс деген идея фильмнің негізіне айналған.

Астана қаласында өткен жабық көрсетілімге мәдениет өкілдері, БАҚ журналистері, дубляж актерлері мен жоба авторлары қатысты. Бұған дейін бұл көрсетілім Алматыда да ұйымдастырылып, көпбалалы аналар қамқорлығындағы балаларға арнайы ұсынылған еді. Көрермендер мультфильмді жылы қабылдап, жоғары бағасын берді.

Бұл жоба – қазақ тіліндегі анимациялық контенттің кеңеюіне, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазақ тілінде және ұлттық нақышта түсірілген мультфильмдердің саны артуы тиіс. Бұл тұрғыда «Алтын адам» жобасы – сол бастаманың жарқын үлгісі.

Малика Рүстем
тілші