Параспорттағы жарқын сәт
Патриот жаршысы
36

Астана қаласының әкімдігі
Чехияның Оломоуц қаласында өткен пара жеңіл атлетикадан халықаралық «Olomouc Grand Prix» турнирінде 46 елден келген 171 спортшы бақ сынады. Осындай ауқымды додада ел намысын елордалық спортшы Айсұлу Сүлейменова абыроймен қорғап, екі бірдей медаль иеленді.
Айсұлу 100 метрлік қашықтықта күміс жүлдеге, ал 200 метрде қола медальға қол жеткізді. Оның айтуынша, бұл жарыс ерекше маңызға ие - өйткені бұл осы санаттағы әйелдер үшін алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық деңгейдегі сын болған.
Айсұлудың бұл табысы - параспорттағы жаңа белестердің бастамасы ғана емес, отандық спорттың әлемдік ареналарда лайықты орын алуының дәлелі.