Елорда бозкілемінде - болашақ чемпиондар

Патриот жаршысы
24

Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде қазақ күресінен балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Жалпыұлттық деңгейде алғаш рет елордада өткен бұл байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық жас балуан қатысып, 12 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Чемпионат барысында тек жеке шеберлік қана емес, командалық рух пен өзара қолдаудың маңызы да айқын көрінді.

Нәтижесінде Астана қаласының құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді.

Екі күнге созылған бұл чемпионат Мемлекет басшысының ұлттық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау жолында маңызды іс-шаралардың бірі болды. Сонымен қатар болашақ чемпиондарды анықтап, ұлттық құраманың жас резервін қалыптастыруға үлкен серпін берді.

Елордалық балуандардың жетістігі:

  • 29 келі - Нұрахмет Жауғашты

  • 32 келі - Ерсұлтан Тұрмұхамбет, Азамат Аманбек

  • 38 келі - Нұрсұлтан Жұмабек

  • 42 келі - Нұрдәулет Бұхарбай

  • 60 келі - Дінмұхаммед Жарылқасын

  • 65 келі - Еламан Арысбай

  • 65+ келі - Әділ Тәңірберген

Қазақ күресінің жас өрендер арасында осындай қарқынмен дамып келе жатқаны - ұлттық спорттың болашағы жарқын екенін көрсетеді.

Малика Рүстем
тілші