Өткен аптадағы жарқын жеңіс

Патриот жаршысы
31

ҚР Туризм және спорт министрлігі

Шахмат: Италияның Монтесильвано қаласында өткен шахматтан кадеттер арасындағы (U8-U12) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері 2 алтын, 1 күміс жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

 Конькимен жүгіру: Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

 Бадминтон: Бахрейнде өткен Bahrain International Series II 2024 турнирінде Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек жұптық сында үздік шықты. Сондай-ақ Д.Панарин жекелей сында қола медаль иеленді.

 Теннис: Мексиканың Мерида қаласында мәресіне жеткен жасөспірімдер арасындағы ITF J500 турнирінде Әмір Омарханов жеңімпаз атанды. Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен жұп құрап, финалда чехиялық Петр Брунлик пен ұлыбританиялық Чарли Робертсонды тізе бүктірді – 6:4, 6:1.

 Футзал: Хорватияның Загреб қаласында өткен футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде «Қайрат» командасы B тобында бірінші орынға ие болып, «Төрттік финалға» жолдама алды.

Дариға Нысанқұл