Қазақ қызының суреті Dior сөмкелерінде бейнеленеді

Патриот жаршысы
45

Фото: Берлин Иришев

Атағы жер жарған әйгілі кутьюре Кристиан Диордың музасы, қазақ қызы Алла Елшіннің бейнесі белгілі бренд Dior сөмкелерінде бейнеленді. Бұл туралы белгілі қазақстандық экономист, дипломат және сән тарихшысы Берлин Иришев айтты,- деп хабарлайды "Patriot portaly" сайты “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Берлен Иришевтің мәліметінше, қазақ аруының бейнесі әлемнің 82 еліндегі дүкен витриналарында пайда болды.

Алла Елшіннің бейнесі бренд тарихының бір бөлігіне айналды. Оның есімі аты аңызға айналған сән үйі Dior және Алланың портретімен безендірілген “Lady Dior” сөмкелерінің жаңа нұсқасының шығуының арқасында әлемдік аренада қайта жарқырап тұр.

Қол сөмкесінің құны шамамен 6 мың еуроны құрайды және бұл 30 жылда алғаш рет иконалық сөмкеде сурет пайда болды. Бұрын ешбір модель мұндай құрметке ие болмаған.

Енді Алла Елшіннің портреті Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға дейінгі әлемнің 82 еліндегі Dior бутиктерінің сөрелерінде ілінетін болады.

Дариға Нысанқұл