Айбота Ертайқызы Универсиадада қола жүлдегер атанды
Патриот жаршысы
107

Астана қаласының әкімдігі
Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Бұл жолы елордалық көркем гимнаст Айбота Ертайқызы таспа жаттығуы бойынша қола жүлдеге ие болды.
Айбота халықаралық жарыста жоғары шеберлік танытып, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Ал аталмыш жаттығуда алтын медаль 18 дүркін Азия чемпионы, өзбекстандық Тахмина Икромоваға бұйырса, күміс жүлдені бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен әлем чемпионы Алина Харнаско жеңіп алды.
Қазақстан намысын абыроймен қорғаған Айботаның бұл жетістігі — елордалық спорт мектебінің жемісі әрі отандық гимнастиканың даму жолындағы үлкен қадам.