Алыптар тартысы

Астана қаласының әкімдігі
Астана күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында елорда маңындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде дәстүрлі республикалық «Толағай» алыптар сайысы өтті.
Биыл үшінші мәрте өткізілген додада еліміздің әр өңірінен іріктеліп келген 13 алып жігіт өзара күш сынасты. Қатысушылар бес түрлі кезең бойынша бақтарын сынап, күш-жігер мен төзімділіктің үлгісін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде:
-
Азамат Мақұлбеков (Түркістан облысы) - 1-орын
-
Евгений Инкин (Алматы қаласы) - 2-орын
-
Бағлан Мырзатай (Түркістан облысы) - 3-орын иеленді.
Чемпион Азамат Мақұлбеков өз әсерімен бөлісіп:
«Өткен жылы Көшпенділер ойынында осы сайыста чемпион атандым. Биыл үшінші рет өтіп жатқан додаға тыңғылықты дайындалып келдім. Мұндай жарыс - тек күш емес, шыдамдылық пен тәртіпке де сын», - деді.
Айта кетейік, «Толағай» сайысы жыл сайын беделін арттырып, ұлттық рухты асқақтатар ерекше спорттық оқиғаға айналып келеді. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырып, ұлттық спорттың дамуына үлес қосты.