Қос елді жалғаған рухани көпір

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
15 шілде күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен маңызды кездесу өтті.
Кездесу аясында тараптар архив, кітапхана, құнды жәдігерлерді қалпына келтіру және ғылыми-зерттеу салаларындағы ықпалдастықты арттыру жайын талқылады. Елші Хань Чуньлинь Қазақстан мен Қытай - тарихи тамырластығы терең, ғасырлар бойы тату көршілік пен достықта өмір сүріп келе жатқан елдер екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай мәдени-рухани байланыстарды тереңдете түсу – ортақ тарихқа деген құрметтің белгісі.
Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі сөз алып, Қытайдың Мемлекеттік архив басқармасымен арадағы 2025–2027 жылдарға арналған әріптестік жоспарын жүзеге асыру жолдарына тоқталды.
Қонақтар Орталықтың жұмысымен танысып, алдағы уақытта ғылыми іссапарлар мен тәжірибе алмасу бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.
Бұл кездесу - Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстың жаңа белесі, рухани сабақтастықтың бекем болашағы екені анық.