Бокстан Әлем кубогы Қазақстанда өтеді
Патриот жаршысы
29

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады. Күнтізбе бойынша 2025 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстанда ұйымдастырылады. Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
«Бокстан Әлем кубогы - ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы. Сондай-ақ, биыл жыл бойы 3 кезеңі ұйымдастырылып, қараша айында финалдық бәсеке өтеді», - деп жазды Ұлттық олимпиадалық комитет.
2025 жылғы Әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтеді.