Қазақстан халықтарының тілдері: Ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы көпір

Патриот жаршысы
169

Қазақстан – көпұлтты мемлекет, әр халықтың өзіндік бай және қайталанбас тілі бар. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында біздің елімізде өмір сүретін халықтардың тілдерін сақтау мен дамыту маңыздылығы айқын көрінуде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында көптілділіктің ұрпақтар арасындағы сабақтастықты және мәдениетаралық байланыстарды нығайтудың маңызды факторы екенін бірнеше рет атап өтті.

Президент Тоқаев атап өткендей, «көптілділік — жаһандану жағдайында қазақстандықтардың маңызды бәсекеге қабілетті артықшылығы». Біздің көпұлтты қоғамымызда бірнеше тілді меңгерген адамдар әртүрлі мәдениеттер арасындағы шынайы көпірге айналады, өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа ықпал етеді.

Айта кету керек, Қазақстанның көптеген мемлекеттік қызметшілері де бірнеше тілде еркін сөйлейді, бұл басқару сапасын, мемлекетаралық деңгейде тәжірибе мен идеялар алмасуды жақсартуға ықпал етеді. Астана қаласының жергілікті атқару органдарында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің 8,4% қазақ және орыс тілдерімен қатар, басқа да тілдерді меңгерген.

Көптілділікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің филиалдары ашылуда. Бұл әртүрлі тілдерде білім алуға бірегей мүмкіндіктер жасап, өз кезегінде, әлемдік қоғамдастыққа сенімді интеграциялануға қабілетті жаңа буын қазақстандықтардың қалыптасуына ықпал етеді.

Мұндай филиалдардың Қазақстанда ашылуы – елдің білім беру әлеуетін нығайтуға, ғылым мен технологияларды дамытуға жасалған маңызды қадам. Соның арқасында жастар тек академиялық пәндерді меңгеріп қана қоймай, шет тілдерін терең игеру мүмкіндігіне ие болады, бұл сөзсіз полимәдениетті қоғамның дамуына ықпал етеді.

Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде (Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан).

Қазақстан халықтарының тілдері ұлттық бірлікті сақтауда, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуда және еліміздің халықаралық аренада ілгерілеуінде маңызды рөл атқарады. Мұның мысалы ретінде Президент Тоқаев қана емес, күн сайын біздің көпұлтты мемлекетімізде достық пен өзара түсіністік рухын қолдай отырып, әртүрлі мәдениеттер арасындағы көпірлерді салатын мыңдаған қазақстандықтар табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Разақ Мерей Талғатқызы.

Редакция
Patriot Portaly