Қазақ тілінің ұлттық корпусы құрылады

Патриот жаршысы
28

Фото: gov.kz

Заңға сәйкес, қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйесі құрылып, ұлттық сөздік қоры әзірленеді. Сенат осыған қатысты құжатты мақұлдады.

Бұл жүйеде қазақ тілінің барлық стильдері мен жанрларының мәтіндері қамтылады. Сол платформада ақпараттық-анықтамалық ретінде Қазақ тілінің ұлттық корпусын құру көзделген. Шаралар негізінде мәтіндерді өңдеп, генерациялайтын, талдау жүргізетін жасанды нейрондық желіге негізделген қазақ тілінің сөздік қорын қолжетімді ететін ауқымды тіл моделі қалыптасады.

 «Бұл түзетулер, қазақ тілін мәдени құндылық ретінде әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді, мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін нығайтады», – деді сенатор Алтынбек Нұхұлы.

Дариға Нысанқұл