Қазақ оқушылары Қытайдан 7 жүлдемен оралды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандағы «Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары Қытайдың Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Жарыс 7–10 тамыз аралығында өтіп, робототехника, ғылыми зерттеу және инновациялық жобалар бойынша Азиядағы ең ауқымды алаңға айналды.
Әлемнің 30-дан астам елінен 500-ден астам команда қатысқан додада қазақстандық жас таланттар инженерлік шеберлік пен креативтіліктің үздік үлгісін көрсетті.
Нәтижелер:
-
2 қола медаль: Champions Award – Leas оқу орталығы (Explore санаты, 6–10 жас) және Орал қаласындағы Оқушылар сарайының «Subsquad» командасы (Challenge санаты, 10–16 жас).
-
6 арнайы жүлде:
-
Innovation Project Award – Алматы №97 мектеп, Nova Team;
-
Core Values Award – Leas оқу орталығы, Alliance;
-
Challenge Solution Award және Innovation Project Award – Түркістан №33 мектеп, AquaBots;
-
Core Values Award және Engineering Excellence Award – Шымкент №149 мектеп, Yassi;
-
Challenge Solution Award – Қызылорда №290 мектеп, OtAi;
-
Team Poster Award – Алматы №97 мектеп, Arctic Rescuers;
Team Model Award – «Alem» инновациялық орталығы, Alem Innovators. Бұл жеңістер жас қазақстандықтардың халықаралық аренада білім мен технология саласында бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.