«Тұмар – 2025»: үздіктер анықталды!

Патриот жаршысы
154

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында елордада «Тұмар – 2025» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы байқау отандық телевизияның дамуына, елдегі маңызды оқиғалар мен әлеуметтік бастамаларды көтеруге сүбелі үлес қосқан шығармашылық иелерінің еңбегін бағалауға арналды.

Сыйлыққа республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жоба енді. Жеңімпаздар 11 номинация бойынша анықталып, оларға «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге ақшалай сыйақы табысталды.

Салтанатты шара барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Хабар» агенттігінің 30 жылдығына орай арнайы «Тұмар» марапатын табыстады. Сонымен бірге, «Заң және тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттағаны үшін – «КТК» телеарнасы, ал Жеңістің 80 жылдығын белсенді жариялағаны үшін – «Еуразия» арнасы арнайы сыйлықпен марапатталды.

Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы 2017 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен тағайындалған. Содан бері 2 200-ден астам жұмыс қатысып, 98 тележоба иегер атанды.

«Тұмар – 2025» жеңімпаздары:

  • Ең үздік әлеуметтік жоба – «Таза қала» (JIBEK JOLY)
  • Жылдың үздік репортажы – «В гостях у кочевников» (МИР)
  • Ақпараттық-сараптамалық бағдарлама – «President» (24KZ)
  • Журналистік зерттеу – «АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» (ATAMEKEN BUSINESS)
  • Үздік телехикая – «12:00» (31 арна)
  • Деректі фильм – «Человек с острова Кулалы» (JIBEK JOLY)
  • Балалар тележобасы – «Түркістан сақшылары» (TURKISTAN TV)
  • Үздік өңірлік арна – Saryarqa телеарнасы (Қарағанды облысы)
  • Үздік тележурналист – Бектас Ақерке (QAZAQSTAN TV)
  • Үздік тележүргізуші – Доспаева Мөлдір (Хабар)
  • Үздік спорттық комментатор – Ерік Ерсін (QAZSPORT)

Бұл марапат – телевизия саласындағы үздіктердің кәсіби шеберлігін танытатын маңызды бағалау алаңы.

Малика Рүстем
тілші