АҚШ-тан тәжірбиелі жаттықтырушы келді

Патриот жаршысы
34

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі  федерациясының ұйымдастыруымен жаттықтырушылар мен төрешілерге біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.

Өз тәжірбиесімен бөлісу мақсатында 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу жаттықтырушысы, 2023 жылғы USAW грек-рим күресі бойынша үздік жаттықтырушысы, UWW оқытушысы Мартин Хаук арнайы шақыртылған. Курс 9 қыркүйектен бастау алып, 13-қыркүйекке дейін жалғасын табады. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 120-дан астам жаттықтырушылар мен төрешілер қатысып жатыр. Бұл курс аясында мамандар жаттығудың жаңа әдістері, күрестің өзекті ережелері және Қазақстан спортындағы допингке қарсы жүйе туралы ақпаратпен бөліседі.

Дәріс оқитындар қатарында: PhD докторы, Халықаралық күрес федерациясының (UWW) ғылыми комиссиясының төрағасы, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов; Халықаралық күрес федерациясының (UWW) сертификатталған педагогы, олимпиадалық категориядағы төреші Игорь Лигай. Айта кетсек, Игорь Лигай Токио мен Парижде өткен екі Олимпиада ойындарында төрешілік еткен.

Еркін күрестен ұлттық құрама бапкері Құрамысов Мадияр:

Қыркүйек айының 9-13 күндері аралығында еліміздің оның ішінде Астананың төрінде күрес түрлерінен біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 125-ке жуық жаттықтырушылар мен әдіскерлер қатысып отыр. ҚР Күрес Федерациясының ұйымдастыруымен, Тұрлыханов Дәулет Болатұлының шақыртуымен АҚШ-тан арнайы Мартин Хаут қатысуда. Курс барысында Американың спортшылары, жастары жарысқа қалай дайындалып, шыңдалатыны, әдіс-тәсілдері туралы кең мағұлмат берілуде. Спортшылар тарапынан да сұрақтар туындап, спикермен өзара байланыс орнатып жатыр. Қатысып жатқан төрешілер мен бапкерлер үйренген дүниелерін өз тәжірбиелерінде қолдануға ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Осындай оқу жиындарының арқасында біліктілік деңгейміз де өседі.

Жасөспірімдер арасында ұлттық құраманаң аға жаттықтырушсы  Алмат Кебісбаев:

 Жақында  Олимпиадада орын алып келген спортшыларды марапаттау рәсімінде Президентіміз легионер спортшыларға қарағанда шетелдік жаттықтыршыларды, мамандарды көбірек шақырып, спортшыларға сабақ өткізуді талап етті. Сол мақсатта Америкадан білікті маман келіп, күрес түрлерінен барлық бапкерлерді жинап, өзінің білгенімен бөлісіп жатыр. Көп нәрсе үйренудеміз. Өзіміздің дұрыс бағытта екенімізге көзіміз жетіп отыр. Осындай сабақтар жиі өткізетін болса бапкерлер мен спортшыларға пайдасы көп болады деп ойлаймын.

Олимпиадалық категориядағы төреші Игорь Лигай

 Күрес ережелерін жаңарту бойынша арнайы семинар өткіземін. Өйткені әлемдік федерация жиі өзгерістер енгізеді. Біздің жаттықтырушыларымыз бен спортшыларымыз бұл өзгерістерден хабардар болуы керек. Көбінесе даулы жағдайларда бұл біздің спортшыларға жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

Дариға Нысанқұл