Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотип бекітілді

Патриот жаршысы
23

ҚР Қорғаныс министрлігі

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Бұл туралы жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында ерекше екшеген еді.

Жеңісті мерекелеу үшін елімізде біршама іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Президент осының ішінде ең маңыздысы - әскери шеру екенін атап өткен болатын.

«Іс-шаралардың ең бастысы – Астанада өтетін әскери шеру. Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіледі, ешкім де елеусіз қалмайды. Концерттер мен көрмелер өтеді, деректі фильмдер мен бағдарламалар түсіріледі, тарихи кітаптар мен фотоальбомдар шығарылады. Жауынгерлеріміздің есімін ел жадында сақтау үшін зерттеу жұмыс­тары жалғаса береді. Б.Момышұлының – 115, М.Ғабдуллиннің – 110, Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы салтанатты іс-шаралар тізіміне кіреді», деді Президент. 

Осындай маңызды іс-шаралар бір логотиппен бедерленеді. Қорғаныс министрлігі ресми бекітілген логотипті жариялады. 

Айта кетейік, Кейін Қазақстан үкіметі 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындық және мерекелеу жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа ұлғы» іс-шаралар жоспарын бекітті. Құжатқа сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру 2025 жылғы 7 мамырда өтеді.

Дариға Нысанқұл