Қазақ спортшылары әлем аренасында жарқырады

Патриот жаршысы
32

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Өткен апта қазақстандық спортшылар үшін жарқын жеңістерге толы болды. Әлемнің түрлі елдерінде өткен халықаралық жарыстарда ел намысын қорғаған спортшылар бірнеше медаль олжалады.

Күрес: Мажарстан астанасы Будапештте ұйымдастырылған Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирінде отандастарымыз 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Триатлон: Малайзияның Кампар қаласында өткен жастар арасындағы Азия кубогінде Қазақстан құрамасының спортшылары бір алтын және бір күміс медаль иеленіп, ел абыройын асырды.

Стенд ату: Италияның Тоди қаласындағы GREEN CUP халықаралық жарысында мергеніміз Максим Почивалов «скит» жаттығуында жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды.

Теннис: Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласындағы ATP 250 турнирінде жеңіске жетті. Финалда ол аргентиналық Хуан-Мануэль Серундолоны тізе бүктірді.

Кәсіпқой бокс: АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) рингке шығып, филиппиндік Джеймс Бэконді (26-5, 17 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты.

Малика Рүстем
тілші