Қазақ өнері Оңтүстік Корей төрінде

Патриот жаршысы
133

Суреттер: ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі

Еліміздің театр әртістері Оңтүстік Корей мемлекетінің Тано фестивалінде өнер көрсетті.

Оңтүстік Корей елінің Каннын қаласында жыл сайын өткізілетін аталмыш фестивальде Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының 11 әртісі қатысты. Танофестивалікорей мәдени дәстүрлерінің ең көне әрі ең ірі іс-шаралардың бірі. Отандық әртістер осы фестивальде концерт қойып, көрермендерді Қазақстанның заманауи мәдениетімен таныстырды.

2005 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени мұра тізіміне енген Танофестивалі көп көрерменнің қызығушылығын тудырады.Фестивалде қазақстандық труппа шеруге қатысып, ұлттық киімде Қазақстан туын мақтанышпен көтеріп өтті.

Сонымен бірге Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының құрамы Кореяда алғаш рет өнер көрсетіп, спектакльдер мен концерттер арқылы көрермендерге Қазақстанды жан-жақты таныстырды.

Біржан Қабдрашев
Тілші