Едіге Емберді – қос рекорд иесі, Азия чемпионы

Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық зілтемірші Едіге Емберді жарқын жеңіске жетіп, бір емес, екі бірдей Азия рекордын жаңартты.
Бәсекеде негізгі тартыс үш мықтының арасында өрбіді: ересектер арасындағы Азия чемпионатының төртінші орын иегері – өзбекстандық Хайитбой Абдушукуров, былтыр әлем рекордын орнатып, 73 келі салмақта чемпион атанған Ақжол Құрманбек және жастар арасында әлем чемпионы – Едіге Емберді.
Серпе көтеру және қос сайыс нәтижесі бойынша Едіге 153 келі және 347 келі нәтижемен (153+194) чемпион атанды. Бұл көрсеткіш – екі бірдей Азия рекордын жаңарту деген сөз.
Жарыс нәтижесі:
Едіге Емберді – 347 келі (153+194)
Ақжол Құрманбек – 343 келі (151+192)
Хайитбой Абдушукуров – 337 келі (152+185)
Айта кетейік, Едіге Емберді 2022 жылы да жастар арасында әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Биылғы табысы – оның тұрақты даму жолында екенін дәлелдеді. Қазақстандық ауыр атлетика жаңа биікті бағындырды.