Ғұсман Қырғызбаев тарихи жүлдеге ие болды

Патриот жаршысы
177

ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды.

Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды.

Бұйырғаны қола болды. Барша қазақ елін қола жүлдемен құттықтаймын. Дайындығым өте жақсы болды. Ақтық сынға шығатын шығармын деп  жүз пайыз сенген болатынмын. Дегенмен бұйырмады. Қолаға да қуаныштымын. Қазақстандықтар, бұл баршамыздың жеңісіміз. Отбасыма, ата-анама, балаларым мен жарыма жалынды сәлем жолдаймын. Жеңіс құтты болсын!,- дейді  спортшы белдесуден кейінгі әсерімен бөлісіп.

Дариға Нысанқұл