20 жасар шахматшы қазіргі әлем чемпионын жеңді

5 тамызда Астанада Рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты аяқталды.Турнирде KazChess командасының намысын қорғаған біздің әйелдер құрамамыздың көшбасшысы Бибісара Асаубаева турлар барысында керемет нәтиже көрсетті. 20 жасар спортшы рапидтің 9-шы раундында Қытайдың Decade China Team командасының мүшесі, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңді.
«Мен қара фигуралармен ойнадым. Қытайдың командасы өте күшті, сондықтан жақсы ойын көрсеткім келді. Бұл алғаш рет тікелей ойнаған партиямыз болды, оған дейін біз тек онлайн кездестік. Мен жақсы партия ойнай алдым деп ойлаймын, бір кезде сапаны құрбан етіп бастама үшін ойнадым, бірақ ақырында айламды асырып, оны жеңе алдым»,- деп Асаубаева матчтан кейін эмоциясын бөлісті.
Жалпы алғанда, командалық әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар жауынгерлік рух танытып, жеке есепте 13 медальге ие болды. Астанада өткен сайыста бәсекелестіктің аса жоғары деңгейі ойыншылар арасында 81 гроссмейстер және 3 әйел гроссмейстердің, сондай-ақ 30 халықаралық шебердің болуымен анықталды. Сонымен, Асаубаева рапидте күміс медаль және блицте қола медаль жеңіп алды (7-ші тақта). ФИДЕ әлемнің үздік шахматшыларының жаңартылған рейтингін шығарды. Қыздар арасындағы «блиц» саласында қазақстандық 4 шахматшы қыз: Асаубаева Бибісара (№1), Қамалиденова Меруерт (№3), Нұрман Алуа (№5) және Балабаева Ксения (№6) топ-10 қатарына енді. Блицте де, рапидте де Бибісара 20 жасқа дейінгі қыздар арасында топ жарып отыр, классикада 2-ші орынға ие болды.