Абай өлкесінде жастар форумы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
2025 жылғы 8–11 шілде аралығында Абай облысында республикалық деңгейдегі ASK CAMP жастар форумы өтуде. Шараны «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық белсенді жас, еріктілер мен студент көшбасшылар жиналды. ASK CAMP алаңы – табиғат аясындағы көшбасшылық, командалық рух және интеллектуалдық даму бағыттарын біріктіретін ерекше форматтағы лагерь.
Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында азаматтық жауапкершілікті арттыру, патриоттық рух пен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру. Бағдарлама аясында мотивациялық кездесулер, практикалық семинарлар, логикалық квест ойындар, эко-марштар және түрлі қоғамдық бастамалар ұйымдастырылуда.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлерінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, ел дамуына үлес қосуға ниетті жас көшбасшылар ретінде қалыптасуы көзделіп отыр.