Кітапханашылардың жыр додасы

Патриот жаршысы
10

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы алғаш рет кітапханашылар мен кітапхана саласында қызмет ететін ақындар арасында республикалық жыр мүшәйрасын өткізді.

«Абайдың алып айдыны» атты бұл әдеби дода ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды. Мүшәйраның басты мақсаты - мәдениет пен әдебиетті, ұлттық ғылым мен өнерді насихаттау, сондай-ақ кітапхана мен кітапханашы еңбегінің маңызын дәріптеу болды.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық үміткер қатысуға ниет білдіріп, ақтық сынға 75 ақын жолдама алды.

Жеңімпаздар мен арнайы номинация иелеріне ақшалай сыйлықтар, дипломдар және «Абай - 180 жыл» мерейтойлық төсбелгілері табысталды.

Редакция
Patriot Portaly