Әскери жүзушілер бас қосты

Патриот жаршысы
89

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Астанадағы «Алатау» спорт сарайында Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасындағы әскери қызметшілердің жүзуден чемпионаты мәресіне жетті. XV Спартакиада аясында ұйымдастырылған жарыс биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 32 команда құрамында 128 әскери қызметші қатысып, су үстіндегі шеберліктерін паш етті. Жарыс екі негізгі топ бойынша өткізілді: біріншісі – Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері, екіншісі – Бас штаб пен Қарулы күштердің басқа құрылымдық бөлімшелері.

Ерлер арасында 100 метрге жүзу үш жас санаты бойынша (30 жасқа дейін, 40 жасқа дейін және 40 жастан жоғары), ал әйелдер арасында 50 метрлік қашықтықта өтті. Сонымен қатар командалық 4х50 метрлік эстафета да көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Қарулы күштері Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов пен Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов қатысты.

– Сайыс барысында бірқатар спортшылар жүзудің жоғары техникасын көрсетті. Әскерилердің дайындығы мықты екенін, әрі бірлік пен жеңіске деген ұмтылысты көрдік, – деді генерал-майор Сәкен Жүсіпов.

Бірінші топ нәтижелері бойынша
🔹 Командалық есеп:
1-орын – Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығы
2-орын – Әскери өкілеттіліктер орталығы
3-орын – Жедел жоспарлау департаменті

🔹 Эстафета (4х50 м):
1-орын – Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығы
2-орын – Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы
3-орын – Ақпараттық қамтамасыз ету департаменті

🔹 Жеке біріншілік:
▪ 30 жасқа дейін – капитан Ренат Сәкенов (Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығы)
▪ 40 жасқа дейін – капитан Мұрат Смағұлов (Қару-жарақты бақылау және инспекциялау орталығы)
▪ 40 жастан жоғары – подполковник Әлнұр Қуанғалиев (Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті)
▪ Әйелдер арасында – капитан Лариса Адамович (Ақпараттық қамтамасыз ету департаменті)

Екінші топ нәтижелері бойынша
🔹 Командалық есеп:
1-орын – Тыл бастығы басқармасы
2-орын – ҚР Ұлттық қорғаныс университеті
3-орын – Әскери полиция бас басқармасы

🔹 Эстафета (4х50 м):
1-орын – Тыл бастығы басқармасы
2-орын – ҚР Ұлттық қорғаныс университеті
3-орын – Әскери полиция бас басқармасы

🔹 Жеке біріншілік:
▪ 30 жасқа дейін – майор Мейірбек Атбаев (Тыл бастығы басқармасы)
▪ 40 жасқа дейін – подполковник Евгений Ерастов (Тыл бастығы басқармасы)
▪ 40 жастан жоғары – подполковник Илья Моргунов (Әскери инфрақұрылым бас басқармасы)
▪ Әйелдер арасында – подполковник Ұлпан Талап (Қару-жарақ бастығы басқармасы)

Чемпионат әскери қызметшілердің шыдамдылығы мен төзімділігін сынап қана қоймай, командалық рухты арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубоктармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Малика Рүстем
тілші