Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді
Патриот жаршысы
25

Фото: ҚР ҰОК
Могулшы Анастасия Городко Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді. Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Қытайдың Бэйдайхэ қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтыншы орын талды.
Спортшы жарысты алтыншы орынмен аяқтады. 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева сегізінші орынға ие болды. Ерлер арасында Павел Колмаков оныншы болып мәре сызығын кесті, Фёдор Бугаков – 40-орын, Антон Бондарев – 42-орын алды.
Айта кетейік, 22 ақпанда параллель могул жарыстары өтеді.