Географиядан қазақстандық оқушылардың тарихи жеңісі

Оқу-ағарту министрлігі
Таиландта өткен география пәні бойынша IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы қазақстандық команда үшін тарихи жетістікпен аяқталды. Үш кезеңнен тұратын беделді білім бәйгесінде Қазақстан құрамасы ел тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.
Жеңімпаздар тізімі:
-
Талғат Байбусынов — Қарағанды облысы, НЗМ, 12-сынып, алтын.
-
Андрей Енбахтов — Қостанай облысы, НЗМ, 10-сынып, алтын.
-
Болат Ақжол — Жетісу облысы, НЗМ, 12-сынып, күміс.
-
Әлихан Қалмағамбетов — Ақтөбе облысы, НЗМ, 12-сынып, күміс.
Оқушылардың жеңісіне үлес қосқан команда жетекшілері:
- Рустам Валеев (Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, 2-курс студенті)
- Абай Дүйсен (халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы).
Айта кетейік, Қазақстан географиядан халықаралық олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері жас зияткерлеріміз ел қоржынына 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль әкелді.