Тазы мен төбет күні белгіленді

Патриот жаршысы
53

Фото: frentier.ru

Экология министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер жобасын дайындады.

Жоба мәтініне сай, еліміздің мерекелік күндерінің тізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізіліп, 3 қыркүйекті қазақы ит тұқымдары күні ретінде белгілеу ұсынылған.

«Тазы мен төбет – қазақтың байырғы ит тұқымдары, қазақ халқының мақтанышы, «Жеті қазынаның» бірі. Тазы адамның аң аулаудағы таптырмас көмекшісі, сонымен қатар төбет – ата-бабаларымыздың отары мен мүлкін қорғаушысы»,- делінген құжатта.

Дариға Нысанқұл