Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды

Патриот жаршысы
142

Сурет Олимпиада комитетінен

Елдос Сметов дзюдодан  XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Қазақ палуаны  финалдық кезеңде Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштіктің қатарына кірген.  Ал бүгін Елдос маңызды белдесуде бар шеберлігін паш етті.

Қазақ елі, жеңіс құтты болсын!

Дариға Нысанқұл