Курорттық үш аймаққа әуежай салынады

Фото: 34travel.me
Президенттің тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды.
Бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға және аталған жобалар жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Сонымен қатар, 2024 жылы ірі хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғыртуаясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Мәселен Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу қабілеті ұлғайды.
Отандық компаниялардың ұшақтар паркі жыл сайын 10-15 ұшаққа толықтырылып келеді. Бүгінгі күні әуе кемелерінің саны - 102 ұшақ.
Бүгінгі таңда Қазақстаннан халықаралық әуе қатынасы 31 елмен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Иран, Оман, Египет, Кувейт, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Камбоджа, Малайзия, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) аптасына 582 рейс жиілігімен 117 бағыт бойынша орнатылды.