Білім жұлдыздары
Патриот жаршысы
123

Сауд Арабияда өткен IChO-2024 химиядан 56-шы халықаралық олимпиадасында Қазақстандық оқушылар екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды. Зейінді оқушылармен таныс болыңыздар.
I орын – Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;
I орын– Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
II орын –Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
III орын – Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Қазақстан құрама командасының жетекшілері: Азамат Жақсылықов және Санжар Бегдайыр — республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.
Грузияда EuPhO-2024 Еуропалық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасы екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан командасының құрамында:
II орын– Бекасыл Елубай – Алматы қаласы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
II орын – Альтаир Ақанов – Астана қаласы РФММ 10-сынып оқушысы;
III орын – Нұргүл Егенбергенова – Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
III – орын Нұрасыл Барлыбаев – Атырау қаласының № 1 «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.
Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық IPHO-2024 олимпиадасында Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленді.
II орын – Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
II орын – Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
II орын –Артур Ким - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
IIорын – Әмір Пшенбаев - Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
III орын –Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері - Самат Мақсұтов - PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтджанов - SDU University физика пәні мұғалімі.

Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық IMO-2024 математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасы үш күміс, екі қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан командасының құрамы:
II орын– Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
II орын – Амирлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
II орын– Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
III орын – Жан Даутов – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
III орын – Владимир Роговский – Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы.
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Динмухамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды.

Астанада биологиядан оқушылар арасындағы ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиадасында төрт қола медальды қанжығалады:
III орын –Ғалымжан Бақтыбай — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
III орын –Амина Тынырбай — Қызылорда облысы №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
III орын –Нұртөре Төреханұлы — Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;
III орын –Диас Сүлейменов — Ақтөбе облысы «Білім- Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Қазақстан командасының жетекшілері: Бауыржан Смайлов - биотехнология магистрі, IBO-2007 олимпиадасының күміс жүлдегері; Ернар Батыржанов - Ульсан ғылым және технология ұлттық институтының студенті (UNIST, Корея), биологиядан халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Гонконгте IEO-2024 халықаралық экономика олимпиадасында екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Оған әлемнің 53 елінен 250-ден астам оқушы қатысты.

II орын – Айдархан Жұбатқан — Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
II орын – Жәңгір Ильжанов —Алматы облысы «Дана» мектебінің 10-сынып оқушысы;
III орын– Әлия Мұсаева — Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;
III орын –Томирис Ыдырысбаева — Астана қаласының НЗМ 12-сынып оқушысы;
III орын –Батырхан Мұхтархан, Қарағанды қаласының ХМБ НЗМ 9-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері:
Нұрсұлтан Нұрмұханов - Назарбаев Университетінің магистрі; Медет Жамбаев – «Дарын» РҒПО-ның педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері.