Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңін аяқтады
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК
Бүгін Қазақстан әйелдер гандбол құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңін аяқтап, еліміздің намысын қорғады.
Дүбірлі додаға 32 елдің құрамасы қатысты. Олар сегіз топқа бөлініп, ең мықтылармен жарысты. Қазақстандық гандболшылар H тобында Норвегия, Оңтүстік Корея және Анголамен кездесіп, барын салды.
Алғашқы екі турда қапы қалған біздің қыздар үшін әр ойын шешуші рөл атқарды. Оңтүстік Кореяға қарсы алғашқы кезеңде 15:7 есебімен жеңіліп, екінші кезеңде де қарсылас басымдық танытты. Қорытынды есеп — 17:35.
Келесі кездесулерде отандастарымыз Анголадан 20:38, Норвегиядан 16:41 есебімен жеңіліс тапты. Енді Қазақстан құрамасы 24-32 орындар үшін сынға түсетін болады.
Қазақстандық гандболшылар тарихта бірнеше мәрте халықаралық аренада ел намысын қорғап келеді. 2008 жылғы Олимпиадада 10-орынға ие болса, әлем чемпионатында жеті мәрте бақ сынады. Ең жоғары көрсеткіш — 2007 жылғы 18-орын.
Еліміздің қыздары қайтпастық пен табандылықтың үлгісі болып, әр сәтте Қазақстанның туын биік ұстап жүр. Алдағы сынақтарда да отандық гандболшыларымыз ел намысын абыроймен қорғап, шеберліктерін паш етеді.